дүйсенбі, 26 қаңтар, 2026 11:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады
istockphoto.com
Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтілуде

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"2026 жылғы 26 қаңтарда Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Жетісу, Ұлытау, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар мен боран күтілуде. 

Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", – делінген хабарламада.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады. 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар