Елімізде
«Қазір Сара Назарбаева қайда?»: Бірінші президенттің баспасөз хатшысы мәлімдеме жасады
- авторМағжан Орынбасар
- 17 қазан, 2025
- 1.8k
Ол көпшілікті Сара Назарбаеваға байланысты тексерілмеген ақпаратты таратпауға, негізсіз пайым жасамауға шақырды
Ол соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та тараған ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның сөзінше, Сара Алпысқызы бірнеше айдан бері ем алып жатыр.
– Сара Алпысқызы Назарбаева сәуір айынан бастап Алматы қаласындағы Президент Іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальде ем қабылдап келеді. Барлық медициналық шара бекітілген стандарттарға сай және отандық мамандардың бақылауында жүзеге асырылып жатыр, – деді Айдос Үкібай.
Ол көпшілікті Сара Назарбаеваға байланысты тексерілмеген ақпаратты таратпауға, негізсіз пайым жасамауға шақырды.
Келесі мақала






