жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда Құтқарушылар күні аталып өтті

Жамбылда Құтқарушылар күні аталып өтті
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласында Құтқарушылар күні және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, құқық қорғау органдарының басшылары, Төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. 

Іс-шара қызметтік борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан Халық қаһармандары Мейіржан Айманов пен Ғазиз Байтасовтың ескерткіш-бюстіне гүл шоқтарын қою және олардың рухына тағзым етуден басталды.

Құтқарушылар күні – 1995 жылдан бері елімізде жыл сайын 19 қазан күні аталып өтеді. Бұл адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін сақтау жолында аянбай еңбек ететін батыр мамандардың кәсіби мерекесі. 

«Баласағұн» орталық концерт залында жалғасқан жиында Нұржан Календеров ерлік пен адалдықты, батылдық пен жауапкершілікті ту еткен құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, сын сағатта алдыңғы шепте жүргендері үшін алғыс білдірді. 

Өңірде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою барысында ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталды. Оларға облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, Құрмет грамотасы мен Алғысхаты табысталды. Сонымен бірге Төтенше жағдайлар департаментіне 10 теледидардың сертификаты берілді.

ТЖД бастығы, полковник Арман Тоқанов өз әріптестеріне арнаулы атақтар мен «Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл» мерекелік медалін табыс етті. 

Бұдан бөлек, ерлікпен қаза тапқан құтқарушылардың ата-аналары мен жұбайларына қаржылай сертификаттар беріліп, ерекше құрмет көрсетілді.

Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Бұл күні қала орталығындағы алаңда заманауи өрт және құтқару техникалары мен қондырғыларының көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар