«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизельді қозғалтқышы бар автокөліктер үшін қозғалыс шектелді.
Ақмола облысы
• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, 377-536-шақырым (Қостанай облысының шекарасы – Бұзылық ауылы);
• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы (Қайрақ ө/п)» 917-1006-шақырым (Жақсы кенті – Атбасар қаласы);
• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» 377-595-шақырым (Қостанай облысының шекарасы – СҚО шекарасы);
• «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» 232-260-шақырым (Қостанай облысының шекарасы – Сұрған кенті);
• «Жақсы – Есіл – Бұзылық» 0-82-шақырым;
• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы (Қайрақ ө/п)» 856-915-шақырым (СҚО шекарасы – Жақсы кенті);
• «Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа жол ө/п)» 304-341-шақырым;
• «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы (Бидайық ө/п)» 14-50-шақырым;
• «Көкшетау – Рузаевка» 0-61-шақырым.
Қостанай облысы
• «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» 8-232-шақырым (Тобыл қ. – Ақмола облысының шекарасы);
• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (айналма) – РФ шекарасы (Қайрақ ө/п)» 555-729-шақырым (Тобыл қ. – СҚО шекарасы);
• Осы жолдың 318–539 км (Тобыл қ. – Қарабалық кенті);
• «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» 234-501 км (Ақтөбе облысының шекарасы – Рудный қ.);
• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» 340-377-шақырым;
• «Мамлютка – Қостанай» 180-403-шақырым;
• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» 252-339-шақырым;
• «Мариновка ауылына кірме жол» 0-9-шақырым;
• «Жітіқара – Мықтыкөл – РФ шекарасы» 35-137-шақырым.
Ұлытау облысы
• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» 138-252-шақырым (Ұлытау кенті – Қостанай облысының шекарасы).
Ақтөбе облысы
• «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» 5-234-шақырым (Қарабұтақ ауылы – Қостанай облысының шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы
• «Астана – Көкшетау (айналма) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа жол ө/п)» 341-473, 492-522-шақырым;
• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (айналма) – РФ шекарасы (Қайрақ ө/п)» 729-856-шақырым;
• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» 595-946-шақырым;
• «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы (Бидайық ө/п)» 50-280-шақырым;
• «Көкшетау – Рузаевка» 61-196-шақырым;
• «Қостанай – Мамлютка» 226-406-шақырым;
• «Петропавл – Соколовка – РФ шекарасы (Қызыл Жар ө/п)» 11-73-шақырым;
• «Петерфельд – Архангельское – Новокаменка» 0-31-шақырым;
• «Булаево – Воздвиженка – Молодогвардейское – Киров – Қиялы – Рощинское» 0-228-шақырым;
• «Рощинское – Корнеевка – Волошинка» 0-87-шақырым;
• «Волошинка – Сергеевка – Тимирязево» 0-119-шақырым;
• «Қарасай батыр мемориалдық кешеніне кірме жол» 0-24-шақырым;
• «Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы» 0-32-шақырым;
• «РФ шекарасы (Қарақоға ө/п) – Петропавл» 0-120-шақырым.
Жолдар шамамен 2025 жылғы 21 желтоқсанда сағат 11:00-де ашылады.
Шығыс Қазақстан облысы
• «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» автожолының 15-105 шақырымы аралығы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін);
• «Өскемен – Семей» автожолының 10-103-шақырым аралығында (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін) қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысы шектелді.
Жабық жолдар
Жетісу облысында KAZ 19-02 «Үшарал – Достық» автожолының 84-164-шақырым аралығындағы (Көктұма ауылы – Достық станциясы) учаскесінде барлық көлік түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолында (Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағыт) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. Қалқаман елді мекенінен Астанаға қозғалыс Береке «Қалқаман – Ақсу» көлік айрығы арқылы және Павлодар қаласынан Қалқаман елді мекеніне қозғалыс «Баянауыл» көлік айрығы арқылы жүзеге асырылады.






