сенбі, 20 желтоқсан, 2025 22:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Баланы қорқытып, бопсалайды: елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Баланы қорқытып, бопсалайды: елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
istockphoto.com
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерді нысанаға алатын қауіпті алаяқтық тәсіл кеңінен тарай бастады.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның айтуынша, интернеттегі алаяқтар әлеуметтік желілерде әртүрлі бейнематериалдар таратып, жасөспірімдерді қызықтыратын жалған ұсыныстар жасайды. 

– Алаяқтар түрлі бейнероликтер арқылы «ойынды бұзудың құпиясы», «тегін бонус алу жолы», «жабық функцияларға қол жеткізу» секілді жалған уәделерді таратады. Мұндай бейнелердің сипаттамасында әдетте Telegram арналарына бағыттайтын сілтемелер орналастырылады. Аталған ресурстарда кәмелетке толмағандардан «верификациядан өту», «ID арқылы кіру» немесе басқа да түсініксіз әрекеттерді орындау талап етіледі.

Осыдан кейін қаскөйлер психологиялық қысым көрсетіп, балаға «құрылғыңыз бұзылды», «жеке деректеріңіз бен хаттарыңыз біздің қолымызда» деген мазмұндағы хабарламалар жібереді. Мұндай әрекеттер арқылы әдейі үрей тудырылады. Қорқынышқа тап болған жағдайда бала ақша аударуға мәжбүр болуы мүмкін.

Анықталған қауіп-қатерлерге байланысты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ҚР Ішкі істер министрлігінің Киберқылмыспен күрес департаментіне жедел түрде жүгінді. Аталған факт бойынша ақпарат қаралып, бақылауға алынды.

Күдікті әрекеттер немесе осыған ұқсас жағдайлар анықталған жағдайда азаматтардан «Е-Өтініш» порталы арқылы хабарлауын, сондай-ақ құқық қорғау органдарына немесе 117 байланыс орталығына жүгінуін сұраймыз, – деп жазды Насымжан Оспанова.

Айта кетейік, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғауға бағытталған бірқатар нормалар қарастырылуда.

Мәселен, жедел хабар алмасу сервистерін қоспағанда, он алты жасқа толмаған тұлғалардың онлайн-платформаларда тіркелуіне тыйым салу ұсынылуда.

 

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар