дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін – Салтанат Нүкенованың туған күні

Бүгін – Салтанат Нүкенованың туған күні
Сурет ашық дереккөзден алынды
Тірі болғанда ол 32 жасқа толатын еді

Экс-министр Қуандық Бишімбаев азаптап өлтірген Салтанат Нүкенова тірі болғанда бүгін 32 жасқа толар еді, деп жазады jambylinfo.kz.

Салтанат Нүкенова 1992 жылы Павлодарда дүниеге келген. Ағасы Айтбек Амангелді екеуі отбасының екі баласы. Салтанат Нүкенова 2023 жылдың 9 қарашасында азаматтық некедегі күйеуі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапты. Екі күн бұрын сот Бишімбаевты 24 жылға бас бостандығынан айырды.

Бұған дейін сыбайластық үшін сотты болған Бишімбаев кезінде шартты түрде мерзімінен ерте босап шыққан еді. Ал, бұл жолы ол жазасының үштен екісін өтегеннен кейін ғана, яғни, 16 жылдан кейін ғана шартты түрде мерзімінен босауға өтініш бере алады.

Айтбек Амангелді қарындасының өлімінен кейін әділ сот үшін күресіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге көмек беру үшін қор ашқан. Қорға қарындасы Салтанат Нүкенованың есімін берген. Бүгін марқұмның туған күнінде ол әсерлі видео жариялады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар