жұма, 22 қараша, 2024 18:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында заңсыз жер берген шенеунік сотталды

Жамбыл облысында заңсыз жер берген шенеунік сотталды
Сурет: gov.kz
Ол 4 жеке тұлғаға 465 гектар жалға берілетін жерді заңсыз алуға мүмкіндік бергені анықталды

Жамбыл облысында қызметтік жалғандық жасағаны үшін жер қатынастары саласы бойынша әкімдік қызметкері сотталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Жамбыл облысының прокуратурасы хабарлағандай, лауазымды тұлғаның жер беру кезінде қызметтік жалғандық жасау фактісін Байзақ ауданының прокуратурасы талдау барысында анықтады.

«Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізіп, 4 жеке тұлғаға 465 гектар жалға берілетін жерді заңсыз алуға мүмкіндік бергені анықталды. Осы факті бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 369-бабының 1-бөлігі (қызметтік жалғандық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді тіркеді», деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Биыл 29 сәуірде аудандық соттың үкімімен жергілікті атқарушы органның бас маманы мемлекеттік қызметте белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар