«Бұл жалпы қалыпты жағдай». Депутат Абзал Құспан утильалымды алып тастауды құптамайтынын айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 9 шілде, 2024
- 717
Депутат Абзал Құспан қазіргі өткір мәселенің бірі – утильалым жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан әлеуметтік желідегі парақшасында утильалым жайлы жазба қалдырды. Ол өз сөзінде қоғам белсендісі Санжар Боқаев бастаған қауымның петициясы жөнінде үкімет қабылдауы мүмкін шешімдердің нұсқаларын атап өтті. Сонымен қатар, отандық автоөндірісті қолдау үшін алынатын салықтың әлемдік тәжірибеде үлкен пайдасын бары дәлеледенгенін айтып, мысалдар келтірді.
- Күні кеше Евросоюз Қытайға өзінің наразылығын білдірді, олардың ойынша мемлекет тарапынан Қытай автоөндірушілеріне берген көмек салдарынан, европалық көліктер бәсекеге қабілетсіз. Евросоюз наразылық білдірумен ғана шектелмей, қытай көлектеріне баж салығын 40% -ға көтеріп тастады, ал АҚШ болса оны 100% ғып енгізді. Ресей елі бұндай қатаң шараларды осы шілде айынан бастап, арнайы техникаға қатысты қолдануда. Яғни, барлық елдер өз ішкі нарығын, отандық автоөндірушілері мен инвесторларын белсенді қолдауға көшуде, бұл жалпы қалыпты жағдай,- деді депутат.
Абзал Құспан отандық көлік өндірісіне бұл алым-салық түрінің үлкен демеу екендігін айта келе, утильалымды үкімет алып тастамайтынын ашық айтты.
- Менің ойымша, Үкімет утиль алымды толық алып тастай алмайды. Өйткені мемлекеттің инвесторлар алдындағы міндеттемесі бар. Жақсы болсын, жаман болсын Қостанай, Алматы қалаларындағы зауыттарда біраз көлік түрі шығуда. Утиль түгел алынар болса, олардың өнімі сатылмайды, тиісінше инвестордың салған қаражаты қайтпайды, ал ол инвесторларлар қаражат салар алды Қазақстанмен мемлекеттік қолдау турасында тиісті келісімшарттарға отырғаны даусыз. Сондықтан, Үкімет үшін өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай аман шығу өте маңызды,- дейді Абзал Құспан.