БҚО-ның 9 өңірінде 31 ауыз су жобасы жүзеге асуда
- авторБақытжан Бекболат
- 17 қыркүйек, 2025
- 423
БҚО-да ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін магистральдық су құбыры салынып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында ұзындығы 63,1 шақырым болатын магистральдық су жүйесінің құрылысы жүріп жатыр. Жоба ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл жобаның іске асуы нәтижесінде бүгінде ауыз суға қол жеткізе алмай отырған Төлен және Сәуле ауылдары орталықтандырылған су жүйесіне қосылады. Сонымен қатар Қарақамыс ауылындағы су сапасы жақсарады.
Нысанды пайдалануға беру осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстарының 50%-ы аяқталды.
«Мемлекет басшысы еліміздің батыс өңіріндегі елді мекендерді тұрақты сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұдан бөлек, министрлік 1,3 млн адамды ауыз сумен қамту үшін ұзындығы 2,5 мың шақырымнан астам су құбырларын салу және реконструкциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы алғанда, еліміздің 9 өңірінде – Ақмола, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында 31 жоба жүзеге асырылып жатыр», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
17 қыркүйектегі валюталардың бағамы қандай
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан цифрландыру бойынша халықаралық рейтингтердегі позициясын нығайтты
- авторБақытжан Бекболат
- 26 желтоқсан, 2025
Мәдени мұраға қатысты жаңа заңнамалық түзетулер: Ерлан Қарин жазба жариялады
- авторМағжан Орынбасар
- 26 желтоқсан, 2025






