жексенбі, 22 маусым, 2025 14:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бұршақ, найзағай: алдағы күндері елімізде ауа райы күрт бұзылады

Бұршақ, найзағай: алдағы күндері елімізде ауа райы күрт бұзылады
Фото: Jambylinfo.kz
Ел аумағы бойынша найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады.

"Қазгидромет" мамандарының мәліметіне сүйенсек, солтүстік пен оңтүстік өңірлерінде ауа райы құбылмалы болмақ. Кей өңірлерде аптап ыстық сақталса, енді бірінде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тараз

9 маусым – аспан ашық, жауын-шашынсыз. Күндіз +33°C, түнде +18°C.

10 маусым – күн бұлттанады, жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз +32°C, түнде +20°C.

11 маусым – найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ жаууы да ықтимал. Күндіз +30°C, түнде +17°C.

Астана

9 маусым – бұлтты, бірақ жауынсыз. Күндіз +21°C, түнде +12°C.

10 маусым – күн ашыла бастайды, ауа жылынады. Күндіз +25°C, түнде +15°C.

11 маусым – күн күркіреп, жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз +27°C, түнде +15°C.

Алматы

9 маусым – күн жылы, бұлттар сейіледі. Күндіз +32°C, түнде +19°C.

10 маусым – найзағай мен өткінші жаңбыр күтіледі. Күндіз +28°C, түнде +17°C.

11 маусым – аспан бұлтты, кей жерлерде жаңбыр. Күндіз +22°C, түнде +17°C.

Шымкент

9 маусым – күн ашық, өте жылы. Күндіз +33°C, түнде +18°C.

10 маусым – күн шуақты, кей уақытта бұлттар пайда болады. Күндіз +32°C, түнде +19°C.

11 маусым – ауа райы күрт өзгеруі мүмкін: найзағай, жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз +30…+35°C.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар