жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Backstreet Boys алғаш рет Қазақстанда өнер көрсетеді

Backstreet Boys алғаш рет Қазақстанда өнер көрсетеді
backstreetboys.com
Топтың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, музыканттар 21 қыркүйекте "Астана Аренада" үлкен концерт өткізеді

90-жылдар мен 2000-жылдардың басында жаһандық хиттерімен тыңдарман жүрегін жаулаған атақты америкалық бойз-бенд — Backstreet Boys гастрольдік тур аясында Қазақстанға келмек, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бастапқыда гастрольдік кестеде тек Алматы қаласы болған. Алайда ұйымдастырушылардың шешімімен Астана да тізімге қосылып отыр. Қазіргі уақытта билеттер сатылымға шыққан жоқ, бірақ алдағы күндері сатылым басталады деп күтілуде.

Бұл — Backstreet Boys-тың Қазақстандағы алғашқы концерті болмақ. Топ құрамында танымал орындаушылар: Ник Картер, Кевин Ричардсон, Брайан Литтрелл, Хауи Дороу және Эй Джей Маклин бар. Олар бүгінге дейін әлем бойынша 130 миллионнан астам альбом сатқан.

Айта кетейік, тамыз айында "Астана Аренада" тағы бір әлемдік жұлдыз — Дженнифер Лопес концерт береді деп жоспарлануда. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ол 1 тамызда елордалық тыңдармандармен кездеседі.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар