Трамп тағы алты елге баж салығы өсетінін айтып, хат жолдады
- авторБақытжан Бекболат
- 10 шілде, 2025
- 682
АҚШ президенті Дональд Трамп алты елдің басшыларына 1 тамыздан бастап импортқа салынатын баж салығының өсетіні туралы ресми хаттар жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алжир, Ливия және Ирак тауарларына – 30%,
Бруней мен Молдова өнімдеріне – 25%,
Филиппин тауарларына – 20% баж салығы енгізілмек.
Бұл хаттардың мәтіні 7 шілдеде Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, ОАР, Вьетнам, Лаос және Мьянма басшыларына жолданған хаттармен бірдей.
АҚШ-та өндірілетін шетелдік компаниялардың тауарларына бұл баж салығы қолданылмайтыны атап өтілген.
АҚШ президенті Қазақстаннан келетін барлық тауарға 25% көлемінде тариф енгізетінін мәлімдеді. Осыған байланысты Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі бұл тарифтердің отандық экспорттың 95 пайызына әсер етпейтінін айтты. Сонымен қатар, Қазақстан Үкіметі өз тауарларына болжамды әрі тұрақты сауда режимін сақтау мақсатында Ақ үйге өз ұсыныстарын жолдаған.
2 сәуірде Дональд Трамп әлемнің түрлі елдерінен келетін өнімдерге қатысты ауқымды кедендік баж салығы туралы жарлыққа қол қойған еді. Сол кезде Қазақстаннан келетін тауарларға 27% көлемінде баж салу жоспарланған болатын. Алайда қаржы нарығындағы тұрақсыздықтарға байланысты АҚШ президенті бұл шешімді уақытша тоқтатып, келіссөздер жүргізуге мүмкіндік берген. Дегенмен 10% көлеміндегі бастапқы баж сақталған. Бұл жеңілдік мерзімі 9 шілдеде аяқталады.
Backstreet Boys алғаш рет Қазақстанда өнер көрсетеді
Ұқсас жаңалықтар
Женевада Димаш Құдайбергенге Ғаламдық ізгі ниет елшісі атағы берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 9 желтоқсан, 2025
Жапонияда жойқын жер сілкінісі болып, цунами қаупі жарияланды
- авторБақытжан Бекболат
- 9 желтоқсан, 2025






