бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 14:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Банкоматқа шотына ақша салуға кірген адам 1миллион теңгесінен айырылып қалды

Банкоматқа шотына ақша салуға кірген адам 1миллион теңгесінен айырылып қалды
фото - ашық дереккөзден
Өйткені, бөгде адам қалып кеткен ақшаны қалтаға басып, жаратып үлгерген

Банкоматқа шотына ақша салуға кірген адам 1миллион теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Елордалық ПД баспасөз қызметінің дерегінше, жергілікті тұрғын өз шотына 1 миллион теңге салмақ болып, банкоматқа келген. Құрылғының көмейіне көл-көсір қаржының кіргенін көргесін кері айналып, шығып кеткен. Бірақ, мұнымен іс бітпеген көрінеді. Өйткені, банкомат қаржыны қабылдамай, кері қайтарған. Осы сәтті пайдаланған бөгде азамат өзгенің ақшасын қалтасына салып, көп ұзатпай жаратып та үлгерген.

"Қала тұғыны банкоматқа келіп, шотына ақша салмақ болған. Ақшасын терминалға салғаннан кейін операция бітті деп ойлап кетіп қалған. Алайда, техникалық себептерге байланысты ақша жүктелмеді. Полиция 34 жастағы күдіктіні ұстады", - делінген хабарламада.

Ер адам ұрлық жасағанын мойындады, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар