Бас прокуратура қаза тапқан және жарақат алған сарбаздардың аналарын қабылдайды
- авторБақытжан Бекболат
- 11 қараша, 2025
- 170
Бас прокурордың айтуынша, қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің аналарының барлық өтініштері мұқият қаралады, ешбір уәж назардан тыс қалмайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сонымен бірге прокуратура әскери қызметшілердің қаза табуы мен жарақат алу жағдайларын болдырмау шараларына, әскерге шақырудың заңдылығына және медициналық қорытындылардың негізділігіне құқықтық баға бермек.
– Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратура басшылығы қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарын қабылдайды.
Олардың әрбір уәжі назардан тыс қалмайды.
Сондай-ақ әскери қызметшілердің қаза табуы мен жарақат алуын болдырмау жөніндегі жұмыстарға, әскери қызметке шақырудың заңдылығына және медициналық қызметтің қорытындыларының негізділігіне баға беріледі, – делінген хабарламада.






