Елімізде
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандықтарды сақ болуға шақырды
- авторМағжан Орынбасар
- 22 тамыз, 2024
- 1.0k
Өйткені, қазір алаяқтар құзырлы органның атынан құжат жіберуді шығарған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандықтарды абай болуға шақырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы ескертеді.
- Алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді.
Жалған ақпараттық таратуларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз. Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз,- делінген ресми хабарламада.






