сенбі, 6 шілде, 2024 6:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан үш адам көлікте жанып кетті

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан үш адам көлікте жанып кетті
Сурет: uralskweek.kz/
Қайғылы оқиға туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр

Батыс Қазақстан облысында Toyota Prado Volvo жүк көлігімен соқтығысып, отқа оранған. Соның салдарынан үш адам көлікте жанып кекен, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

«Оқиға 24 маусым күні шамамен сағат 16:45-те Самара-Шымкент жолы бойында Теректі ауданы аумағында болды. Аңқаты ауылы тұсында Toyota Prado Volvo жүк көлігінің тіркемесімен түйісті. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік отқа оранды. Өрт сөндірілгеннен кейін автокөлік салонынан үш адамның мүрдесі табылды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп жазылған БҚО полиция департаментінің хабарламасында.

Әлия Жанәбіл

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар