дүйсенбі, 15 шілде, 2024 3:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Мұнайдан түскен миллиардтарды жымқырған». Прокуратура Маңғыстаудағы кәсіпорындардан заңсыздықтар анықтады

«Мұнайдан түскен миллиардтарды жымқырған». Прокуратура Маңғыстаудағы кәсіпорындардан заңсыздықтар анықтады
Фото - ашық дереккөзден
Құзырлы орган мұнай-газ саласының 5 кәсіпорнында тексеру жүргізген

Маңғыстау прокуратурасы мұнай өндіретін кәсіпорындарда миллиардтардың жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды  jambylinfo.kz
Деректерге сүйенсек, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны «ОйлТранспортКорпорейшн» ЖШС-нің лауазымды тұлғалары тауар жеткізушіден 1,5 млрд теңгеден астам сомаға техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін автобустарды қабылдаған. Бұл ретте олардың құны 400 млн теңгеге жоғарылатылғаны белгілі болды. Жұмыс істелмеген арнайы техника қызметтері үшін 110 млн теңге мөлшерінде ақша қаражатын аудару фактілері тағы бар.
Ал, «ОйлТранспортКорпорейшн» ЖШС мердігерлік ұйымы «West Oil Software» ЖШС-де жұмыс істемеген адамдарға 400 млн теңгеден астам жалақы төлеу, компания басшылығының жақын туыстарын қоса алғанда негізсіз жалақы есептеу деректері орын алған. Бүгінгі күні тергеу нәтижесінде 4 лауазымды тұлға ұсталған. 

-    Аталған бұзушылықтар бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде беру немесе жымқыру) бойынша 5 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Процестік прокурорлар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде аталған ұйымдардың 4 басшы лауазымды тұлғалары ұсталды. Қылмыстық істер облыстық экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді,- делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар