Байжанов судья Құлбаевадан өзіне неліктен 4 жыл жаза кесілгенін сұрады
- авторМағжан Орынбасар
- 13 мамыр, 2024
- 578
Сотта Қуандық Бишімбаевтың қылмысын жасырды деп айыпталған Байжанов 4 жылға сотталды. Алайда, сотталушы судьядаға өзінің кінәсіз екенін айтып, неліктен 4 жыл жаза кесілгенін сұрады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Сотта әйелін қатыгездікпен өлтірген Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал, туысының қылмысын жасырды деп айыпталған Байжанов сот үкімімен 4 жылға сотталды. Бірақ, Байжанов судьядан 4 жылдық жазаны не үшін берілгенін сұрап, өзінің кінәсіз екендігін айтты.
Ал, судья Құлбаева алқа билер кеңесінің шешімі осындай болғанын айта келе, сот үкімінің көшірмесін алған сәттен 15 күннің ішінде аппеляцияға беруге болатынын жеткізді.
Сотталғандардың дүние-мүлкі тәркіленіп, сот шығындары өндірілді. Судья Айжан Құлбаева сотталушыдан өндіріп алынған қаржыны көлемін айтты.
"Бишімбаевтан сот сараптамаларын жүргізгені үшін мемлекет кірісіне 2 млн 306 мың 382 теңге, Байжановтан 3 324 теңге сомасында сот шығындары өндірілсін. Бишімбаевтан жәбірленушінің өтемақы қорына 30 АЕК 103 500 теңге сомасында мәжбүрлі төлем өндірілсін. Байжановтан 20 АЕК 69 мың теңге сомасында өндірілсін", - деді судья.
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024