«Қалдықтардың Онлайн-картасын»: Жамбылдықтар заңсыз қоқыс алаңдары туралы QR-код арқылы хабарлай алады
- авторКенжекей
- 14 мамыр, 2024
- 210
Жамбыл облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы цифрлық процестерді қолға алып жатыр. Дәлірек айтсақ, прокуратура Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп «Қалдықтардың Онлайн-картасын» таныстырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Енді аймақ тұрғындары арнайы «телеграм-бот» пен «e-jambyl.kz» өңірлік геоақпараттық жүйені пайдалана отырып, аймақтағы стихиялық полигондар туралы тиісті органдарға хабарлай алады.
«Жобаның мәні - қатты тұрмыстық қалдықтардың айналымы саласындағы бақылау процесін, оның ішінде тұрғындардың стихиялық қоқыс үйінділері (полигондар) бойынша түскен хабарламаларын қабылдау және өңдеу тәртібін автоматтандыру», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Тұрғындар хабарламаны телеграм мессенджеріндегі «taraz_tbobot» немесе адамдар көп жиналатын жерлерде хабарландыруларда орналастырылған QR-код арқылы жолдай алады.