жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бельгиялық журналист Қазақстанның туризм елшісі атанды

Бельгиялық журналист Қазақстанның туризм елшісі атанды
Kazakh Tourism
Медиа өкілі халықаралық басылымдармен белсенді ынтымақтасып, еуропалық оқырмандарды біздің елімізбен таныстырады.

Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінде «Қазақстан Республикасының туризм елшісі» құрметті миссиясы табысталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Kazakh Tourism телеграм арнасына сілтеме жасап.

Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Роман Василенко «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы атынан «ҚР туризм елшісі» құрметті миссиясын журналист Дерья Сойсалға тапсырды. Медиа өкілі халықаралық басылымдармен белсенді ынтымақтасып, еуропалық оқырмандарды біздің елімізбен таныстырады.

«Қазақстан өзінің табиғатымен, қонақжайлылығымен және дамуға деген ұмтылысымен терең әсер қалдырды. Мен бұл ел туралы Еуропада мүмкіндігінше көп адам білгенін қалаймын», - деді бельгиялық журналист Дерья Сойсал.

Атап өткен жөн, 2018 жылы Kazakh Tourism Қазақстанға туристік бағыт ретінде халықаралық қызығушылықты арттыруға бағытталған «ҚР туризм елшісі» бағдарламасын қолға алды. Оған шетелдік туризм индустриясы, мәдениет пен білім саласының өкілдері, медиа және цифрлық кеңістіктегі мамандар қосылуда. Бұған дейін құрметті миссияны Димаш Құдайберген, жапон блогері Юдзи Натсума және ҚХР инфлюенсері Таотао қабылдады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар