дүйсенбі, 2 маусым, 2025 17:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Берік Уәли: Саябақ құрылысы уақытында аяқталуы тиіс

Берік Уәли: Саябақ құрылысы уақытында аяқталуы тиіс
Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Абай облысы әкімдігінің хабарлауынша, биыл Семей қаласының бірнеше шағын ауданында жаңа саябақтар бой көтермек.

Абай облысының әкімі Берік Уәли "Қарағайлы" және "Жастық" шағын аудандарында салынатын екі жаңа саябақтың жобаларымен танысты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Жастық" шағын ауданындағы саябақта футбол және баскетбол алаңдары, балаларға арналған ойын аймақтары мен шағын сәулеттік формалар қарастырылған. Демалыс аумағының жалпы ұзындығы бір шақырымға жуық болады.

Ал "Қарағайлы" шағын ауданындағы саябақ – көпфункционалды демалыс аймағына айналады. Жоба аясында жаяу жүргіншілер жолдары, мәдени шараларға арналған сахна, халыққа арналған демалыс орындары мен көгалдандыру жұмыстары жоспарланған.

Облыс әкімі мердігерлерге жобаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде нақты тапсырма берді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар