
Ақмола облысында 10 күнге созылған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде суға кеткен бес жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ресми мәліметке сүйенсек, 10 мамыр күні Қорғалжын ауданындағы Нұра өзенінен кәмелетке толмаған Қалмырза Ж. есімді баланың денесі табылған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Баланың жоғалып кеткені туралы арыз полицияға 30 сәуірде түскен. Содан бері оны іздеуге тәртіп сақшылары, төтенше жағдайлар қызметі, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.
Арыз түскен бойда қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу жалғасып жатыр, қажетті сараптамалар мен тергеу шаралары жүргізілуде. Қорытынды шешім кейін жарияланады.
Келесі мақала