жексенбі, 24 қараша, 2024 11:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бес жылдық бағдарлама таныстырылды

Бес жылдық бағдарлама таныстырылды
ашық дереккөзі
Бес жылдық бағдарлама таныстырылды
Nur Otan партиясының Jas Otan жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы таныс­тырылды. Ұйым басшылары жастар саясатын дамытуға бағытталған жас қазақстандықтар өмірінің негізгі салаларын қамтитын жаңа бағдарлама арқылы азаматтардың өмір сапасы мен қоғамдық белсенділігін арттыруды көздеп отыр.
Осы орайда Jas Otan жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев бағдарламаның ерек­шелігі мен дайында­лу барысы туралы айтып бер­ді. Nur Otan партиясының көшбас­шысы Н.Назарбаевтың тапсыр­масы бойынша 5 жылға жос­пар­ланған «Жастар – Отан­ға!» бағдарламасының жобасы әзірленді. Бағдарлама елі­міз­дің үздік сарапшылары мен саясаттанушылардың қаты­суымен жастар мәселесіне қатыс­­ты халықаралық ұйым­дардың концепциялары, әлемдік үр­діс­тер мен тәжірибелерді ес­кере отырып дайындалды. Бағдар­ламаны дайындау барысында бізге әлеуметтік желілер, онлайн және офлайн кездесулер мен талқылаулар арқылы 3 765 ұсыныс келіп түсті. Сонымен қатар жақында jasotan.kz сайтында бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралармен нақты көрсеткіштер көрсетілген 216 шарадан тұратын жол картасын жарияладық», дейді ұйым жетекшісі. Jas Otan жастар қанаты Жас­тар жобалары және аналитика басқармасының басшысы Нұрзина Қыдыралина бағдар­лама аясында қамтылатын 5 не­гізгі бағытқа тоқталды. «Бүгін­де біз негізгі бес маңызды бағыт бойынша жұмыс атқарамыз. Олар еліміздің әр жас азама­ты­ның өмірінің барлық саласын қамтиды. Бұл – жастардың азаматтық бастамаларын қолдау, білім беру сапасын арттыру, жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және олардың бос уақытының тиімді өтуіне атсалысу», деп нақтылады ол. Партияның жастар қана­ты бес жыл ішінде жастар арасын­дағы жұмыс­сыздық деңгейін 3,7%-ға, NEET жастардың үлесін 6,8%-ға дейін төмендетуді жос­парлап отыр. Жол картасында ауыл жастарына, дәлірек айтқанда олардың бос уақытын ұйымдастыруға ерек­ше көңіл бөлінген. Атап ай­тар болсақ, жоба бойынша ауыл­дық жерлерде жалпы ал­ғанда 450 мың адамды қамтитын спорт нысандары салынады. Студенттер мәселесі де шет қалмаған. Бағдарлама аясында республика студенттерінің 25%-­ы­ жатақханамен қамтама­сыз етілмек. Аталған жаңалықтармен қа­тар жасотандықтар Саяси менедж­­мент мектебімен бір­лесіп жаңа жобаны қолға алды. Қыр­­күйек айында «Sana» тұл­ғалық даму мектебі онлайн дәрістерін бастайды. Қатысу­шылар шешен­дік өнер, эмоционалды интеллект және көшбасшылық, интернет-маркетинг модульдері бойынша тегін білім ала алады.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар