сейсенбі, 16 сәуір, 2024 13:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Бишімбаев әйелін жалаңаш видеоға түсіріп алып, түнде порнографиялық видеолар көрсететін – прокурор

Бишімбаев әйелін жалаңаш видеоға түсіріп алып, түнде порнографиялық видеолар көрсететін – прокурор
Сурет ашық дереккөзден алынды
Қуандық Бишімбаевтың үстінен Астанада өтіп жатқан сот отырысы кезінде мемлекеттік айыптаушы Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты жаға ұстатарлық жайттарды мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Прокурор сотта мәлім еткендей, Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы интимді видеоға түсуге мәжбүрлеген.

Айта кетейік, Салтанат Нүкенова былтыр ағасына Қуандық Бишімбаевтың ұратынын айтып, суреттерін көрсеткен. Одан кек алу үшін Бишімбаев Салтанатты интимді түрде видеоға түсуге мәжбүрлеген екен.

«Бишімбаев Салтанат Нүкенованы ұйықтап жатқан жерінен оятып, порнографиялық видео көрсетіп, «бұл видеодағы сен емессің бе?» деп сұрайтын. Бишімбаев Нүкеноваға қатысты үнемі агрессия танытып, оған достарымен араласуға тыйым салған, жұмыс істетпей, оны өзіне қаржылай және эмоционалды түрде тәуелді еткен», - деді мемлекеттік айыптаушы.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар