Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевті Әзербайжан Президенті сайлауындағы айқын жеңісімен және биыл Бакуде СОР 29 саммитін өткізу мүмкіндігіне ие болуымен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап
Президент Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастығының мазмұны байып, бірлескен ірі жобалармен толыға түскенін және қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалады.
Әзербайжан Президенті Қазақстанмен арадағы бауырластық байланыстардың беки түскенін айтты.
Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ цифрландыру, азық-түлік қауіпсіздігі және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ықпалдастық мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар екі ел экономикасының дамуына тың серпін беретін инвестициялық жобаларды іске асыру перспективасы қарастырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Франция президенті Тоқаевты референдумның табысты өтуімен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 17 наурыз, 2026
Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
- авторМағжан Орынбасар
- 16 наурыз, 2026






