Бүгін сотта Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов соңғы сөздерін айтқан болатын
Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қунадық Бишімбаев пен оның қылмысын жасырды деп айыпталып отырған Бақытжан Байжановтың келесі сот отырысы 2024 жылдың 10 мамырында өтеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Айта кетейік, бүгін сотта олар соңғы сөздерін айтты. Судья Айжан Құлбаева сот 2024 жылдың 10 мамыры, сағат 10:00-де дейін үзіліс алатынын мәлім етті.
Бүгін соңғы сөзін сөйлеген Қуандық Бишімбаев Құдайға сенетінін айтса, Бақытжан Байжанов Салтанаттың жақындарынан кешірім сұрады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз