дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бишімбаевтың жазасы өзгеріссіз қалды

Бишімбаевтың жазасы өзгеріссіз қалды
Коллаж: jambylinfo.kz
Апелляциялық сот қорғаушылардың талабын қанағаттандырған жоқ

Бүгін, 26 маусым күні апелляциялық сот экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжановтың алдыңғы үкімін өзеріссіз қалдырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Төраға судья Шынар Ерғалиева Бишімбаевқа тағылған “қасақана адам өлтіру” және “азаптау” баптарының ешқайсын жойған жоқ. Яғни, Бишімбаевқа кесілген 24 жыл мерзім өзгермейтін болды. Айта кетейік, ол жазасының үштен бірін, яғни, 16 жылын өтеген соң ғана шартты түрде мерзімінен бұрын босауға өтініш бере алады. 

Сонымен қатар қылмысты хабарламағаны үшін 4 жылға сотталған Бақытжан Байжановтың да жазасы өзгеріссіз қалды. 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар