жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл 150-ден астам колледж студенті шетелдерде академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысты

Биыл 150-ден астам колледж студенті шетелдерде академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысты
Фото - ашық дереккөз
Негізгі мақсат — тәжірибе алмасу, заманауи технологияларды меңгеру және болашақ мамандардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Қазақстан колледждері халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты белсенді дамытып келеді. 2025 жылы шетелде еліміздің 10 колледжінен 150-ден астам студент білім алып, тәжірибеден өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бағдарламалар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін 2025–2027 жылдарға трансформациялау жөніндегі Жол картасы және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жүзеге асырылуда.

Негізгі мақсат — тәжірибе алмасу, заманауи технологияларды меңгеру және болашақ мамандардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

«Қазақстандық студенттер тамақтану, сервис, IT, энергетика, инжиниринг, дизайн және автомеханика бағыттары бойынша Түркия, Қытай, Қырғызстан, Франция, Испания, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Ұлыбритания, Германия және Швейцария елдерінде қысқа мерзімді курстардан, тәжірибеден және тағылымдамадан өтті», – дейді техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Муханбетов.

Академиялық ұтқырлық Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар