ІІМ: "Қарасора-2025" операциясы аясында заңсыз айналымнан 27 тоннадан астам есірткі тәркіленді
- авторСадуақас Айсұлу
- 10 қараша, 2025
- 199
Ішкі істер министрлігі "Қарасора-2025" республикалық операциясының нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оған маусымнан қазан айына дейін полиция, ІІМ Ұлттық ұланы және Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері қатысқан. Тікұшақтар, дрондар және спутник координаталары қолданылды.
Нәтижелері:
3,5 мың есірткі құқық бұзушылығы анықталды;
27 тоннадан астам есірткі тәркіленді;
құрамында есірткі бар 110 мыңнан астам бұта жойылды;
4 ұйымдасқан қылмыстық топ, оның ішінде бір трансұлттық топ құрықталды;
6 есірткі зертханасы жойылды;
есірткі жеткізудің 50 ішкі арнасы жабылды.
Өңірлер бойынша мысалдар:
Жамбыл облысында 200 кг-нан астам марихуана тәркіленді;
Алматы әуежайында Үндістан азаматы 3 кг марихуананы алып кіруге тырысқан;
Жезқазғанда 100 кг марихуана тәркіленді;
Қызылорда облысында 928 түп қарасора анықталып, салмағы 300 кг болды.
"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті азаматтардың денсаулығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау бойынша жүйелі жұмысын жалғастырады. Есірткі жолына түскен әрбір адам жазадан құтылу мүмкін еместігін түсінуі тиіс.





