жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Доллар 2 теңгеге арзандады

Доллар 2 теңгеге арзандады
Pixabay.com
Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 522,45 теңгеден сатып алынады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,27 теңгеге арзандап, 523,58 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 526,02 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 524,34 теңгеден сатып алынады, 526,06 теңгеден сатылады. Еуро 605,96 – 610,20 теңге, ал рубль 6,41 – 6,51 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 74,16 теңгеден сатып алынады, 76,73 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 522,45 теңгеден сатып алынады, 529,45 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 602,48 теңге, сату - 612,48 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,37 теңге, сату - 6,52 теңге.

- юань: сатып алу - 74,93 теңге, сату - 78,97 теңге.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар