сенбі, 18 мамыр, 2024 10:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Биыл Қазақстанда неше жігіт әскерге шақырылатыны белгілі болды

Биыл Қазақстанда неше жігіт әскерге шақырылатыны белгілі болды
Сурет дереккөзі: Орталық коммуникациялар қызметі
2024 жылдың 30 маусымына дейін Қазақстанда 18 бен 27 жас аралығындағы 20 мыңнан астам жігіт әскерге шақырылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары, полковник Азамат Досымов мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Айта кетейік, ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 1 наурызда әр аймақтағы әкімдердің орынбасарлары төрағалық ететін қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруды бастайды.

«2024 жылғы 30 маусымға дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ, 18 бен 27 жас аралығындағы 20 мыңнан астам ер азамат толықтырады. Оның ішінде, Қарулы Күштерге 9 мыңнан астам, Ұлттық ұланға 6 мыңнан астам, Шекара қызметіне 3 мыңға жуық, Төтенше жағдайлар министрлігіне 300 астам, мемлекеттік күзет қызметіне 300 жуық адам қабылданады», - деді ол.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар