сенбі, 4 мамыр, 2024 6:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Таразда "Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер" орталығы ашылды

Таразда "Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер" орталығы ашылды
Сурет: jambylinfo.kz
Бұл бастама алғаш рет еліміз бойынша Жамбыл облысында қолға алынып отыр

Мемлекеттік деңгейде қолдау тапқан  орталықтың ендігі мақсаты жас ақындарды тәрбиелеп, ұлттық өнердің дөңгелегін өрге домалату, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Мекеменің ашылу салтанатына мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев пен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Тамабек арнайы қатысып, ұлт руханиятына еңбек сіңіріп жүрген өнерпаздарға жылы лебізін білдіріп, арнайы құттықтады.

"Бұл еліміздегі басқа өңірлерге өнеге болатын алғашқы орталық. Елімізде айтыс ақындары мен жыршы-термешілер меншіктеп, айдарлап берген орталық жоқ. Жамбыл облысының игі бастамасын алға тартып, біз алдағы уақытта жұмыс жүргізетін боламыз. Бұл орталықтың алдағы атқаратын жұмысы қыруар болады деп ойлаймын. Енді осы айтыстың бел ортасында жүрген айтыскер бауырымыз Ахметжан Өзбеков басшы болып отыр. Ахметжан Өзбеков бастаған талапты, талантты азаматтарды алда үлкен дұмыстар күтіп тұр",-деді парламент мәжілісінің депутаты, айтыскер ақын Аманжол Әлтай

Салтанатты шараға арнайы келген қонақтар ғимараттың ішін аралап көрді.  Мекеме директоры Ахметжан Өзбеков орталықтың алдағы мақсат-міндеттерін айтып өтті.

"Бұл орталықта екі бөлім жұмыс істейді. Бір бөлімі жыршы-термешілер, екіншісі айтыскерлермен жұмыс істейді. Аты айтып тұрғандай бұл орталық облысымызда жыршы-термешілер мен айтыскерлердің өнерін қарыштату және жас ақындар легін қалыптастыру, сахна мәдениетін көрсету, жаңа өріс сыйлаумен айналысады. Бізде біраз жылдан бері жыршы-термешілер жағы кемшін тартып тұр. Оның белгілі бір себептері де бар. Бұл үлкен өнер. Сондықтан 1 айда, жарты жылда жеміс бере қоймайды. Дамыту үшін ұзақ уақыт кеткендіктен жемісі де ұзақ болады деп ойлаймын. Алдағы уақытта осы саланың майталмандарымен тығыз жұмыс істеп,  жас шәкірттерді дайындауға жан-жақты жұмыс істейміз",- деді "Айтыс ақындарымен жыршы термешілер" орталығының директоры Ахметжан Өзбеков

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар