сенбі, 18 мамыр, 2024 11:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Осы көктемде әскерге баратындар Қазақстанның элиталық әскерлеріне кіре алады

Осы көктемде әскерге баратындар Қазақстанның элиталық әскерлеріне кіре алады
Мемлекеттік күзет қызметінің ресми сайтынан
Бұл туралы ақпарат Мемлекеттік күзет қызметінің ресми сайтында жарияланды

Биыл 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында Мемлекеттік күзет қызметі өкілдері барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда үміткерлерді таңдау және зерделеу жүргізеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz Мемлекеттік күзет қызметінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып. 

Үміткерлерге қойылатын талаптар бойынша қатысушының жасы 18-27 арасында, бойы 180 см-ден төмен емес және 195 см-ден биік емес, білімі орта білімнен төмен емес, денсаулығы жақсы болу керек. Жоғары білімді, спорттық жетістіктері мен разряды бар жігіттерге басымдық беріледі.

Күзет қызметінің қатарына өткен Отан қорғаушылар мерзімді қызметін Астана және Алматы қалаларындағы 0112 және 0111 әскери бөлімдерінде атқарады.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарында мерзімді қызмет сарбаздары Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қорғау, рәсімдік және протоколдық іс-шараларға қатысу, ҚР Мемлекеттік Туы мен ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы эталондарын күзету секілді айрықша міндеттерді атқарады.

ҚР МКҚ әскери бөлімдерінде мерзімді қызмет атқару барысында жас сарбаздар тәжірибелі нұсқаушылық құрамның жетекшілігімен әскери іске үйренеді, жауынгерлік және арнайы даярлық сабақтарында әскери мамандықтарды меңгереді.

КР МКҚ мерзімді қызмет сарбаздарының әрі қарай кадрлық тұрғыдан өсуге мүмкіндігі бар. Мерзімді қызмет аяқталған соң олар өз қалауы бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыра алады, одан әрі арнаулы мемлекеттік органның қызметкері және офицері болып, күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді атқара алады.

ҚР МКҚ мерзімді қызмет сарбаздары үшін Қазақстан Республикасында мерзімді әскери қызмет атқарған азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша белгіленген барлық жеңілдіктер қолданылады.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар