"Бізді қойшы, баламызда несі бар!?". Ерке Есмахан сәбиін шетінеп кетті деген адамға ашуланды
- авторИндира Тәліпқызы
- 10 сәуір, 2024
- 1.4k
Белгісіз біреулер әнші Райм мен Ерке Есмаханның нәрестесі шетінеп кетті деген жалған ақпарат таратқан. Бұл туралы Ерке Есмахан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
"Мен негізгі негативке күліп жауап беріп, артынша бақыт тілеп жіберетін адаммын. Бірақ бұл жолы, мені емес, Райм екеуімізге емес, кішкентай балаға тиісті",-деп жазды ол.
Оның айтуынша. әлдекімдер Tik-Tok әлеуметтік желісінде парақша ашып, екі әншінің кішкентай бүлдіршіні шетінеді деген ақпарат таратқан. Халыққа жаппай таралған видеоны көрген жақындары мен оқырмандары алаңдап, оларға хабарласқан. Ерке Есмаханның сөзіне сенсек, кейін парақша да, жазба да жойылған.
"Әкесі іздеп, кімнің жариялағанын таппақ болды, бірақ, бәрін жойып үлгерген. Дегенмен, қазіргі заманда қаласаң бәрін табуға болады. Бұл мәселені жай қалдырмаймыз", - деп жазған әнші.
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024