дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бишімбаев марқұм Нүкенованы бопсалап, жалаңаш күйінде видеоға түсірген - куәгер

Бишімбаев марқұм Нүкенованы бопсалап, жалаңаш күйінде видеоға түсірген - куәгер
Коллаж: jambylinfo.kz
Астана сотында экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот жалғасып жатыр. Сот отырысында қылмыстық іс бойынша куәгер, марқұм Салтанаттың құрбысы Аида Ахмедина қатысып, жауап берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Сотта  прокурор Айжан Аймағанова Аида Ахмедина мен марқұм Салтанат Нүкенованың бір-біріне жазған хаттарын оқып берді. Хатта Нүкенова өзіне адвокат керегін, әйтпесе, Бишімбаев оны жайына қалдырмайтынын және азаматтық некедегі күйеуі оны бопсалағанын жазған.

Нүкенова құрбысына «жібермеймін деп айтты, менің отбасымда көзім көгерген фотолар барын айтып, ол фотоны еш жерде жарияламау үшін ақша талап етеді деп ойлап, жалаңаш күйімде видеоға түсуімді сұрады. Ешкім оны бопсаламайтынына кепілдік қажет деді. «Сен құбыжықсың» деп айттым, бірақ видеоға түспесем, мені жібермейтін еді..." деп жазған. 

Ал құрбысы Аида Ахмединаның «Сен видеоға түстің бе?» деген сұрағына Нүкенва «иә, кету үшін түстім, басқа амалым қалмады», деп  жауап берген. 

Сондай-ақ екеуара хатта Нүкенова Бишімбаевтың айтқанын 24/7 орындауға мәжбүр екенін, оның көрсеткен зорлық-зомбылығынан кейін біреумен әңгімелесуден қорқатынын жазып, құрбысына бұл жағдайды анасына, құрбыларына айтпауын өтінген.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар