Дәрігерлер 24 күндік сәбиді клиникалық өлімнен аман алып қалды
- авторМағжан Орынбасар
- 2 қаңтар, 2025
- 150
Қостанайда құрамында дәрігер Сұлтан Жүсіпов пен фельдшер Александр Калетин бар жедел жәрдем бригадасы клиникалық өлім жағдайындағы нәрестеге сәтті реанимация жүргізді, нәрестеге небәрі 24 күн болған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алғаш рет жағдайының күрт нашарлауы тамақтандырғаннан кейін үйде болды, бала көгеріп, тыныс алуын тоқтатты. 103 диспетчері бұл оқиға туралы естігеннен кейін, ол дереу бригадаға қоңырау шалып, бригада келгенше ата-аналарға телефон арқылы көмек көмектесу үшін «Қоңырауды ұстап тұру» режиміне өтті.
Call орталығының аға дәрігері Айшат Абзалбекова барлық уақытта желіде қалып, көмек көрсету бойынша ұсынымдар берді. Ал баланың әкесі бригада келгенге дейін баланы ауыр жағдайдан шығару үшін тиісті іс-шараларды анық және сауатты жүргізді. Дегенмен стационарға барар жолда ЖМЖ көлігінде баланың жүрек және тыныс алу белсенділігі тоқтап, клиникалық өлім жағдайы туындады. Бригада дәрігері Жүсіпов Сұлтан мен фельдшер Александр Калетин бірден реанимация жасауға кірісті.
— 24 күндік нәрестеге трахеяны сәтті интубациялау жүргізіп, өкпені жасанды желдету режиміне ауыстырды және PALS халықаралық стандарты бойынша одан әрі реанимация жасады. Дәрігерлердің нақты және білікті іс-қимылдарының арқасында бала өмірге қайта оралды және ол облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлмесінде реанимация дәрігерлеріне аман-есен берілді. Қазір бала қанағаттанарлық жағдайда. Стационарда ем қабылдауда, — делінген министрлік хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев уақыт белдеуіне қатысты пікірін айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 3 қаңтар, 2025