сейсенбі, 7 мамыр, 2024 20:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады
Сурет дерекөзі: pixabay
2 наурыз күні еліміздің солтүстігі мен шығысында аздаған қар жауады деген болжам бар

Наурыз айының алғашқы демалыс күндері Қазақстанның көп бөлігінде күн шығады, алайды, ауа температурасы суық болады, деп хабарлайды jambylinfo.kz Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.

Синоптиктердің болжамынша, 2 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде кұн ашық болады. Тек, солтүстік, шығыстағы облыстарда аз ғана қар жауып, жаяу жел соғады. Демалыс күндері ауа температурасы қатты жылынбаса да, күн ашық болады деген болжам бар.

2 наурыз күні Астана қаласында күн бұлтты, ауа температурасы түнде 8-10 градус, күндіз 6-8 градус суық болады. Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, ауа температурасы күндіз 1-3 градус жылы болмақ. Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласында аздаған қар, жауын жауып, тұман түседі деген болжам бар.

2-3 наурыз күндері Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында тұман түсіп, қар жауады. Түнде таулы аймақтарда 10-15 градусқа дейін күн суытса, күндіз 1-6 градус жылы болады. Тараз қаласында күндіз жауын мен қар жауып, көктайғақ болады деген болжам бар.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар