сенбі, 11 мамыр, 2024 20:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Семейде 13 жасар қызды аңдыған жігіт шақыртуға келген полицияны үш рет пышақтап алған (ВИДЕО)

Семейде 13 жасар қызды аңдыған жігіт шақыртуға келген полицияны үш рет пышақтап алған (ВИДЕО)
Сурет дереккөзі: polisia.kz
Семей қаласында 13 жастағы қыз 102 нөміріне телефон шалып, артынан өзі танымайтын бір жігіт аңдып жүргенін және одан қатты қорқатынын айтқан. Оқушы қыз полиция келгенше жақындағы дүкендердің бірінде жасырынып тұрған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Polisia.kz сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, оқиға 29 ақпан күні болған. Қыздың қоңырауын қабылдаған 102 операторлары оқиға орнына учаскелік полиция инспекторларын жіберген. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары супермаркеттің маңайында жүрген күдікті ер адамды байқайды. Дүкен ішіндегі адамдарға зияны тимеу үшін полиция сыртқа шығып, ер адамның назарын аудару үшін рация арқылы көмек сұраған.

«Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы дереу жеткен. Күдікті жігіт патрульдік полицей Асхат Ахатов қызметтік көлігінен шыға бергенде оған пышақ ала жүгірген.  Осыған қарамастан, жараланған қызметкер әріптестерімен бірге жекпе-жек әдістерін қолданып, қылмыскерді ұстады. Басынан үш рет жарақат алған полиция қызметкері ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді», - деп жазады дереккөз.

Қазір үдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты полиция қызметкерінің өміріне қол сұғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар