
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллар, еуро мен рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,02 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 520,39 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 519 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 606, сату құны — 611.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Еуро 603 теңгеден сатып алынып, 610 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,50 - 6,65 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 27 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,62 теңге. Еуро — 607,18