Елімізде
Елімізде 5 жылда инновациялық өнім көлемі 1,1 триллион теңгеден 2,4 триллион теңгеге дейін өскен
- авторМағжан Орынбасар
- 17 наурыз, 2025
- 265

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстанда соңғы бес жылда инновациялық өнім көлемі 1,1 триллион теңгеден 2,4 триллион теңгеге дейін өскен,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ЖИ дамуына жәрдемдесу үшін Президент тапсырмасы бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында қаржыландырудың мақсатты көлемі 1 миллиард долларды құрайтын Qazaqstan Venture Group қорларының венчурлық қоры құрылды.
Қор Қазақстан мен Орталық Азияның инновациялық жобаларына басымдық бере отырып инвестиция салады.
Биыл еліміздің жедел цифрлық трансформациясына ықпал ететін Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады.