Елімізде ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесі жыл соңына дейін 70%-ға жетеді
- авторБақытжан Бекболат
- 13 наурыз, 2026
- 294
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында өңдеу өнеркәсібінің жекелеген секторларын дамытудың алдын ала нәтижелері қаралды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ағымдағы жылғы екі айда азық-түлік және сусындар өндірісінде жоғары өсу қарқыны байқалады. Азық-түлік өндірісінің көлемі 665 млрд теңге, нақты көлем индексі (НКИ) – жоспардағы 104,3%-да – 111,9%. Бірінші тоқсанға болжам – 112%.
Сусындар өндірісі 175,4 млрд теңгеге жетті, НКИ – 104,2%, жоспарда 110,2%. Қаңтар-наурыз айларына жоспар – 110,3%. Салыстыру үшін: өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 1,2 трлн теңгеге сусындар өндірілді.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов атап өткендей, тамақ өнеркәсібі тұрақты даму серпінін көрсетуде.
2025 жылдың қорытындысы бойынша тамақ өнімін өндіру көлемі 3,9 трлн теңге. Бұл 2024 жылғы деңгейден 8,1%-ға жоғары (3,3 трлн теңге). 2026 жылы бұл көрсеткішті 4,7 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Автомектептердегі олқылықтар әшкереленіп, оқу топтары жабылды
- авторБақытжан Бекболат
- 22 сәуір, 2026
Синоптиктер ескерту жасады: нөсер, бұршақ және тұман күтіледі
- авторБақытжан Бекболат
- 22 сәуір, 2026






