сәрсенбі, 18 желтоқсан, 2024 20:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде 11 айда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 13,4%-ға артты

Елімізде 11 айда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 13,4%-ға артты
фото - ашық дереккөзден
Осылайша өнімнің жалпы құны 7,8 трлн теңгені құраған

ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысында биылғы 11 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 11,6% жылдық жоспармен 13,4%-ға артқанын мәлімдеді , деп хабарлайды Jambylinfo.kz

  Ол бұл өсім өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемін 19,9%-ға, мал шаруашылығында 3,2%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

  • «Өсімдік шаруашылығында орташа өнімділігі 16,1 ц/га 26,7 млн тонна астық, оның ішінде бидай – 19,8 млн тонна, күріш – 563 мың тонна. Сондай-ақ 2,9 млн тонна картоп, 3,9 млн тонна көкөніс, 3,2 млн тонна майлы дақылдар және 300 мың тонна мақта жиналды. Мал шаруашылығында сойыс салмақтағы ет өндірісінің 4%-ға, сиыр сүтінің 4,4%-ға және тауық жұмыртқасының 1,2%-ға өсуі байқалды», — деп нақтылады Азат Сұлтанов.
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар