Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты
Қазақстан құс етін Қытай нарығына шығарады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
"Қытай Қазақстан үшін құс етін шығаратын басты нарық. Құс етінің барлығын нарыққа шығару үшін оны шетелдік реестрге кіргізуіміз керек. Ол ұзақ жұмыс. Басынан аяғына дейін бір жыл кетеді. Біз жолдың біразынан өттік. Қазір енді олардың инспекциялары келіп, біздің құс фабрикаларымыздың тексеріп, реестрге кіргізсе, онда жұмыс аяқталады, - деді ол.
Айта кетейік, Қазақстан қазір өзін отандық құс етімен 72%-ға қамтамасыз етіп отыр. Үкімет бұл көрсеткішті 1-2 жылда 100%-ға жеткізілуді көздеп отыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала