Елімізде
Елімізде енді жоғары технологиялық дрондар өндірілмек
- авторМағжан Орынбасар
- 17 қаңтар, 2025
- 355

Жобаның құны шамамен 12 миллион АҚШ долларын құрайды
Yesil Technology Company компаниясы Алматы облысында жоғары технологиялық дрондар шығаратын кәсіпорын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жобаны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «KAZAKH INVEST» АҚ қолдауымен жүзеге асыру көзделген.
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы мен экономиканы әртараптандыруды қолдауға бағытталған жобаның құны шамамен 12 миллион АҚШ долларын құрайды.
Өндірілетін дрондар Қазақстанның ішкі нарығына ғана емес, Орталық Азия елдеріне де экспортталатын болады.
Өндірістік процеске халықаралық тәжірибесі бар жетекші инженерлер мен қазақстандық мамандар қатысады.