Елімізде ипотека шарттарын жаңаша есептеу тетігі ұсынылды
- авторБақытжан Бекболат
- 6 қараша, 2025
- 447
Елімізде ипотеканың процентін дифференциалды жүйемен белгілеу ұсынылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz atamekenbusiness телеграм арнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова айтты. Оның сөзінше, қазіргі жоғары процент азаматтардың қарыздық жүктемесін арттырып отыр.
Жаңа тәсіл бойынша, жоғары бастапқы жарна төлейтін азаматтарға төмен пайыздық мөлшерлеме ұсынылуы мүмкін. Ал бастапқы жарнасы аз болса — керісінше, ставка жоғары болмақ.
Сондай-ақ агенттік «Отбасы банк» арқылы жеңілдетілген ипотека бағдарламаларын кеңейтуді және жинақ жүйесін екінші деңгейлі банктерге таратуды жоспарлап отыр.
Мақсат — азаматтарға тұрақты және қауіпсіз ипотекалық шарттар жасау, қарыз жүктемесін азайту және жауапты қарыз алу мәдениетін қалыптастыру.
Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға сапармен барды
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам бес жылға сотталды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026
Алматыда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026





