Елімізде
Елімізде көлік тізгіндейтін жандар үшін жаңа талап енгізілді
- авторБақытжан Бекболат
- 26 қыркүйек, 2025
- 700
Қазақстанда жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл күшейді
Енді көлік жүргізушілері үшін жаңа талап енгізілді. Сағатына белгіленген жылдамдықтан 60 шақырымнан артық асырғандар 157 мың теңге айыппұл төлейді.
Егер бір жыл ішінде мұндай заңбұзушылық тағы қайталанса, айыппұл көлемі екі есеге дейін өседі. Жаңа ереже камералар арасындағы орташа жылдамдыққа негізделгендіктен, бір "Сергек" бекетінен екіншісіне дейін жылдамдықты асыруға болмайды.
Сонымен қатар, қарсы жолаққа шығу тәртібі бұзылған жағдайда да жаза қатайтылды. Мұндай әрекет үшін жүргізуші 6 айға дейін куәлігінен айырылуы мүмкін. Ал егер ереже бұзу жол-көлік оқиғасына әкеліп соқса, айыппұл көлемі ұлғайып, тіпті 9 айға дейін жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған.






