Елімізде кәсіпкерлерге көмек ретінде «Халық бухгалтері» акциясы басталады
- авторБақытжан Бекболат
- 23 желтоқсан, 2025
- 237
Қаржы министрлігі кәсіпкерлерге салық есебін жүргізуге көмектесу үшін «Халық бухгалтері» акциясын бастайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Акцияның мақсаты – жеке кәсіпкерлер (ЖК) мен шағын бизнес субъектілеріне бухгалтерлік және салықтық есепті дайындау және тапсыру кезінде консультациялық көмек көрсету.
Өткізу форматтары:
ресми ресурстар арқылы онлайн-консультациялар, оның ішінде жеке Telegram-арнасы құрылады;
офлайн және онлайн вебинарлар;
есепті кезеңдердегі тақырыптық консультациялық сессиялар.
Акцияға қатысуға:
кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар;
кәсіби бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері;
аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының мамандары (түсіндірме жұмыстарын жүргізу бөлігінде).
«Акцияны бірінші жартыжылдықта өткізуді ұсынамыз. Мемлекеттік кірістер комитеті өз тарапынан сервистік модельді енгізу және бизнес үшін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі жұмысты күшейтеді», — деп толықтырды Мәди Такиев.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам бес жылға сотталды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026
Алматыда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026






