сенбі, 24 қаңтар, 2026 21:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде мектеп оқушыларына арналған әскери-патриоттық жоба іске қосылды

Елімізде мектеп оқушыларына арналған әскери-патриоттық жоба іске қосылды
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Елімізде жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын нығайтуға және әскери-патриоттық тәрбиені жүйелі түрде дамытуға бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимыл жаңа мазмұнмен толықтырылуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Осы мақсатта ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР Қорғаныс министрлігі мектеп оқушыларына арналған әскери-патриоттық бағыттағы оқу-жаттығу жиындарын бірлесіп өткізу жөнінде ортақ шешім қабылдады.

Аталған бастама ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен ҚР Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың қатысуымен өткен ведомствоаралық кездесуде мақұлданды. Кездесу барысында әскери-патриоттық тәрбиені мектеп қабырғасынан бастап кешенді түрде қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық жауапкершілігін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Жоба пилоттық форматта Жамбыл, Абай және Батыс Қазақстан облыстарында іске қосылады. Сол әскери жиындардың нәтижелеріне қарай, бұл бастама кезең-кезеңімен еліміздің өзге өңірлеріне де енгізілмек.

Бірлескен іс-шаралар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң аясында жүзеге асырылып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытындағы мемлекеттік саясаттың нақты тетігіне айналмақ.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар