Елімізде моноқалаларды дамытуға 4 жыл ішінде 500 млрд теңгеден астам инвестиция салынды
- авторМағжан Орынбасар
- 18 маусым, 2025
- 229

Моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков аталған елді мекендерді ауқымды қаржылық қолдау туралы баяндады.
«Моноқалаларды қаржыландыру туралы айтатын болсақ, мүдделі орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктері тарапынан инфрақұрылымды дамытуға жыл сайын қаражат бөлінеді. Мәселен, 2020–2024 жылдар аралығында 512,4 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 241,6 млрд теңге бөлінді. Биыл 106,6 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 28,7 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр», —деді ол.
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде моноқалаларда 2025–2028 жылдар кезеңімен 82,4 млрд теңге сомасына 41 жобаны жүзеге асыру көзделгені атап өтілді.
Алматыда 90 жастағы әжеге жеке куәлік үйінде рәсімделді
Ұқсас жаңалықтар
"Қазақстан темір жолы" компаниясына жаңа басшы тағайындалды
- авторБақытжан Бекболат
- 3 шілде, 2025