«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлттық компанияның дерегінше, 2026 жылғы 12 қаңтар сағат 08:00–дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашық:
Қостанай облысы
• «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 218-232-шақырым (Октябрьское ауылы — Ақмола облысының шекарасы) аралығы.
Ақмола облысы
• «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 232-260-шақырым (Қостанай облысының шекарасы — Сұрған елді мекеніне дейін) аралығы;
• «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 915-1002-шақырым (Жақсы кенті — Атбасар қаласы) аралығы;
• «Жақсы — Есіл — Бұзылық» автожолының 0-82-шақырым (Ақсай кенті — Бұзылық елді мекені) аралығы;
• «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 537-552-шақырым (Бұзылық елді мекенінен Сұрған елді мекеніне дейін) аралығы.
Ұлытау облысы
• «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 24-137-шақырым (Сәтбаев қаласы — Ұлытау ауылы) аралығы;
• «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 433-750-шақырым (Жезқазған қаласы — Жаңаарқа) аралығы.
Жылдамдықты шектеу
Ауа райының байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрі үшін жылдамдық режимі шектелді:
Ақмола облысы
• KAZ02 «Астана — Көкшетау (айналма жол) — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу бекеті)» автожолының 18-232-шақырым аралығында жылдамдық 140 шақ/сағ-тан 90 шақ/сағ-қа дейін төмендетілді;
• KAZ01 «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30-92-шақырым (Жібек Жолы кенті — Анар станциясы) аралығында жылдамдық 140 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа дейін шектелді;
• осы автожолдың 92-164-шақырымы (Анар станциясы — Теміртау қаласы) аралығында да жылдамдық 140 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа дейін төмендетілді.
Жабық жолдар
Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» авто жолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Сонымен бірге «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.




